БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН СПОРТШЫЛАРҒА ҚАНША СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ?

1  651 көрілім

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бейжіңде өтетін XXIV қысқы олимпиада мен паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды yassu-tur.kz  тілшісі.

Оның сөзінше, байрақты бәседе жүлделі орын алған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады. “Заңда қарастырылғандай, жеңіп алған медальдарға қарай пәтер де бөлінеді. Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген.

Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінен төленеді”, – деді Серік Жарасбаев. Айта кетейік, Бейжіңдегі олимпиадалық команда құрамында 34 спортшымыз бақ сынайды. Олар сегіз спорт түрі бойынша жарыс жолына шықпақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы