Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 16 депутат сайланды.
«Nur Otan» партиясынан – 15
«Ақжол» демократиялық партиясынан -1
Оның ішінде:
Әйел – 4.
Ерлер-12
Оның ішінде:
- Мемлекеттік органдарда – 8 депутат
- Кәсіпкерлік салада – 8 депутат қызмет атқарады.
Депутаттардың орташа жасы- 42 жас.
Қалалық мәслихатта 4 тұрақты комиссия жұмыс атқарады.
1.«Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі»тұрақты комиссиясының құрамы:
1.Тәжібек Мұсаев – төраға
2.Сәкен Хандиллаев
3.Угилжан Васитова
4.Дәурен Тәңірбергенов
2. «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика, ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы:
1.Сүлеймен Арыстанов- төраға
2.Ақиқат Абдуллаев
3.Ардақ Мансуров
4. Аманжол Мәди
3.«Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім,ғылым,мәдениет, жастар ісі, туризм- спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы:
1.Ғапппар Сәрсенбаев – төраға
2.Рая Ибадуллаева
3.Нұрсұлтан Жусіпбаев
4.Ғалымжан Худияров
4.«Табиғат қорғау, экологиялық мәселелер және құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы:
1.Жәмила Сүлейменова-төрайымы
2.Айгул Тилепова
3.Жансерік Жұман
«Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 ж.ж. арналған «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы орындалуы бойынша: 2021-2025 жылдарға 126 индикатор жоспарланған болса, 2021 жылға 103 индикатор жоспарланып оның ішінде ағымдағы жылы 98-і яғни (87,7%) орындалған, 4(3,2%) индикатор орындалу үстінде.
Қалалық мәслихаттың өткізілген сессиялары мен сессияда
қабылданған шешімдер туралы.
Бүгінгі күнге дейін, қалалық мәслихатта он төрт сессия өткізіліп, 76 шешім қабылданды, он бірі Нормативтік құқықтық акт, яғни Түркістан облысы әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтіп бүгінгі таңда қолданыста.
Қалалық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы туралы
Қалалық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізіп келеді, бүгінгі күнге дейін барлығы 75 қабылдау өткізіліп 239 азамат қабылданып түрлі мәселелер қаралды.
- Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі, тас төселмеген, яғни, топырақ көшелер.Осы көшелерге тас төсеу мәселесін әріптесіміз Ханділлаев Сәкен Мырзанұлының бастамасымен, қала әкімі Нұрбол Әбсаттарұлыныңың және сүйікті қаламызға жанашыр азаматтардың қолдауымен бүгінгі таңда барлығы 300 ден астам көшеге (300 шақырымға жуық) тас төсеу жұмыстары толық аяқталды.
- Әріптестеріміз Н.Жүсіпбаев, Ж.Жұман,А.Абдуллаев «coworking» жастар орталығының ашылуына өздерінің лайықты үлестерін қосты.
- Депутат А.Абдуллаев Т.Бокин мөлтек ауданындағы 2 қабатты тұрғын үйге өз қаражаты есебінен газ құбырын жүргізілуіне демеушілік көмек көрсетті.
- Н.Жүсіпбаев 1 мөлтек ауданындағы №1 үйдің жер төлесін тазалап жөндеу жұмысын жүргізілуіне демеушілік жасады.
Әріптесіміз С.Арыстанов «Бекзат» мөлтек ауданындағы А.Байтұрсынов көшесінің 300 метр жеріне және 10 соттық автотұрақ ауласына асфальт төсеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырды.
Мұнымен қоса әріптестеріміз «Nur-Otan» партиясының ғимаратында бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау барысында түрлі дәрежеде көмектер көрсетіп қабылдауға келген азаматтардың мәселесін оң шешімін табуға ықпал етіп келеді.
«Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық жастар орталығында Түркістан қалалық мәслихат депутаттарының экологиялық мәселелер бойынша қаламыздың белсенді жастарымен басқосуы болып өтті.
Бүгінгі дейін 86 депутаттық сауал жолданып оның 62-іне жауаптар алынды.
«Nur Otan» партиясының бағдарламасын насихаттау бойынша
«Nur Otan» партиясының бағдарламасын халыққа таныстыру, түсіндіру мақсатында 34 канвассинг өткізіліп, төмендегі жұмыстар атқарылды.
Түркістан қалалық мәслихатының жоспарына сәйкес қалалық мәслихат депутаты Ибадуллаева Рая Серікбаевна қала дәріханаларындағы дәрілердің бағасының тұрақтылығына және дәрі-дәрмек қорының толық болуына қадағалау жүргізді. Нәтижесінде, дәріханалардағы бағаның әртүрлі болуына байланысты ескертулер жасалды.Мысалыға «Бірлік» ауылындағы «Арзан» аптекасы мен қаланың орталығындағы «Ақтілек» дәріханаларының бірнеше дәрілер құны салыстырылып, екі түрлі бағаны көрсетті.Нәтижесінде дәріханалардағы дәрі – дәрмектің бағаларының тұрақты болуы және дәрі – дәрмек қорының жеткілікті болуы бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналып отырғандығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қалалық мәслихат депутаттары Ғ.Худияров, Н.Жүсіпбаев қаладағы №15, 16 мектептерде болып, мектептердің санитарлық жағдайымен (коранавирусқа қарсы антисептик, оқушылардың ара-қашықтықты сақтау т.б) танысты.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында футболдан спорттық іс шара өткізіліп, іс шараға 15 отбасы қатысты.
Депутат Ж.Жұман «Депутатқа сұрақ қой» тақырыбында әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. «Nur Otan» партиясы Түркістан қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындауы жөніндегі жолкартасы аясында қалалық мәслихат депутаттары қаладағы индустриялды аймақтағы кәсіпорындардың жұмысының барысымен танысты.
«Түркістан» индустриалды аймағы 2013 жылы құрылған. Өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы индустриалды аймақ 350 га дейін ұлғайтылып инфрақұрылымы жасақталуда. Бұл аймақта 1040,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Аталған аймаққа орналасу үшін 2015-2020 жылдар аралығында жоба құны 3 492 млн. теңгені құрайтын 14 жобаға 594 жұмыс орны және 2021-2023 жылдар аралығында 4 724 млн. теңгені құрайтын 8 жобаға 1 417 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл жобаларға «Бизнес -Түркістан» Аймақтық Үйлестіру кеңесінің оң қорытындысы берілген.
Атап айтқанда:
2015-2019 жыл аралығында жоба құны 2,1 млрд. тг. Теңгені құрайтын 9 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп(«Түркістан трасса» ЖШС, «Азрет жол құрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Гранд микс» ЖК), «Стройсервис ХХІ» ЖШС, «Cordial Turkestan» ЖШС, «АЗИЯ АГРО» ЖШС, “Айбек ЛТД” ЖШС, «Гранд микс» ЖК ІІ), 406жұмыс орны ашылды. Барлығы жеке қаражат есебінен жүргізілген.
2020 жылы 1 392 млн.тг. және 185 жұмыс орнын құрайтын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
-«Kaztor LTD» ЖШС Сымнан жасалған 3D бұйымдар өндірісі, жоба құны 112 млн.теңге, 60 жаңа жұмыс орнымен.
-«Нурлы НазАй» ЖШС Көп функционалды POS терминалдарды құрастыруды ұйымдастыру, жоба құны 300 млн.теңге, 20 жаңа жұмыс орнымен.
-«MAKS BETON» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 120 млн.теңге, 24 жаңа жұмыс орнымен.
-«Алем Бетон – 1» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 350 млн.теңге, 25 жаңа жұмыс орнымен.
-«SouthAluplast» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 510 млн.теңге, 56 жаңа жұмыс орнымен.
2021 жылы өнеркәсіп саласында жоба құны 2 654 млн.теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуы жоспарланып отыр. Олар:
-«EKP-Group878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 041 млн.теңге, 16 жаңа жұмыс орнымен.
-«Euro Blok Production» ЖШС газабетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн.теңге, 10 жаңа жұмыс орны.
– «Спецстрой» ЖШС 1100,0 млн. теңг, ашылатын 241 жұмыс орын.
– «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі жоба құны 400,0 млн.тенге, 1100 жаңа жұмыс орны
2022 жылы «Түркістан» ИА-на іске қосу үшін 2 инвестициялық жоба қарастырылуда.
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Васитова Угылжан жол картасы бағдарламасы аясында әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінде болды.
Мекеме ұжымымен тілдесіп, атқарылған жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қоса, «NUR OTAN» партиясы Түркістан қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлау алды бағдарламасындағы жоспарланған істері жайлы баяндады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бірлесе отырып талқылады. Қаламыздағы қала тұрғындарының тең мүмкіндіктер жасау үшін 2020 жылы мүгедектерге қолжетімді кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында 40 кәсіпкерлік нысан бейімдеуден өткізу жоспарланса, 2020 жылдың қорытындысымен 44 нысан бейімдеуден өткізіліп, жоспар (110%) орындалғанын алға тартты. 2021 жыл 20 нысанды бейімдеу жоспарланып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқырылып жатқандығын айтты. 2020 жылға 3789 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 2029 азамат жұмысқа жолданған. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды азық – түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарымен де танысты. Депутат тілдесу барысында мекеме қызметкерлерін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуына сәйкес халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ауқымды жұмыс жасай беруге шақырды.
Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету туралы.
2021 жылға тұрғындарды газбен қамту бойынша 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, газ жеткізу толығымен аяқталды.
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін Түркістанда 52037 абонентке толық табиғи газды пайдалануға мүмкіндік беріліп, қол жетімді болды. Қазіргі таңға қаламызда пайдалануға берілген нысандар бойынша дербес шот ашып, газ пайдаланып отырғаны – 14216 абонент бар.
Түркістан қалалық қалалық мәслихат депутаттары Сакен Мырзанұлы мен Рая Серікбайқызы арнайы 1 – қазан қарттар күні мен Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздар күніне орай Түркістан қалалық өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Ирисметов Бахадыр ағамыздың бастамасымен Хамза мектебінің ғимаратында қаламыздың қазыналы қарттарын, мектеп ұстаздары мен басшыларымен кездесу өткізіп, «Алғыс хаттар» табыстап, сый сыйапат көрсетті.
Арнайы айтулы күндерді сөзге тиек еткен олар ақсақалдарды және мұғалімдерді айтулы мерекемен құттықтап, олардың көкейінде жүрген бұйымтайлары мен ұсыныстарын тыңдады. Хамза, Ата түрік, Изатуллаев сынды мектептің ұстаздарының өтініштері қаламызға спорт алаңшаларының көптеп ашылуы мен мектептердің қысқы маусымға дайындық жұмыстары барысында болды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп дана Абай айтқандай қарт ұстаздарымыздың тәлім мен тәрбиесін алып өскен ұрпақтардың еліміздің болашағын мығым ұстар азаматтар болатындығына сенім артқан мәслихат хатшысы ұстаздарға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.
Осы қарттар күніне орай қалалық ақсақалдар алқасының мүшелерін «Шаншар» әзіл-сықық театрының мерекелік қойылымын тамашалауға депутаттар тарапынан 600мың теңге көлемінде демеушілік көрсетіліп билеттер тарқатылды.
Осы айтылған және басқа-да атқарылып жатқан жұмыстар туралы барлық мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланып отырады.
М. ТАҢҒАТАРОВ,
Түркістан қалалық мәслихат хатшысы