ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ-ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

1  272 көрілім

«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! Сайлауалды бағдарламасының Түркістан қаласы бойынша барлығы 126 индикатор жоспарланған болса, 2021 жылға 102 индикатор жоспарланып оның 98-і яғни 81,7%-ы орындалып, 4-і яғни 3,2% орындау сатысында:

Оның ішінде:

  1. Қаланың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында:

Н.Төреқұлов көшесі аумағындағы тұрғын үй массивін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы нысаны бойынша “Корпорация Әлем Құрылыс” ЖШС келісімшартқа отырып, құрылыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңға 1000,0 мың теңге игерілді. Нысанды пайдалануға беру уақытысы 2022 жыл желтоқсан айы.

Бүгінгі таңға «Мақта зауыты м/а ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру», «Түркістан қаласында Иассы және Шавгар тұрғын алқабының су құбыры желілерін реконструксиялау» нысандары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2022 жылға өтпелі, аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы.

«Тұран тұрғын алқабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы. (1-кезек)», нысандарының құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында қабылданды. 87,7 шақырым  сарқынды су су желісі жүргізілді. «Тұран тұрғын алқабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы. (2-кезек)», «Бекзат тұрғын алқабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» және «Ыждыхат тұрғын алабы, Иассы тұрғын алқабында кәріз  жүйелерінің құрылысы» және Отырар тұрғын алқабында орамішілік кәріздік желілерін салу.(2 кезек)»,  нысандары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар 2022 жылға өтпелі. Аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы.

  • Білім саласы бойынша:

2021 жылы 900 орындық №28 мектеп-лицейі 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді.  “Бірлік” елді мекеніндегі 600 орындық құрылысының жалпы құны 1 554 967 мың теңге, 2022 жылға 10 000 мың теңге, сонымен қатар 225 орындық Әмір Темір атындағы мектеп ғимаратының құрылысының жалпы құны 887 375 мың теңге, 2022 жылға 10 000 мың теңге қаралған. Нысандар 2022 жылға өтпелі, құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жылдың тамыз айы.

Жоғарыда көрсетілген 2 көрсеткіштің «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Түркістан қаласы бойынша орындалуына тоқталып өттім. Жалпы Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Сайлауалды бағдарламасының толық әрі сапалы іске асуына және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін орындау үшін барлық күшімізді жұмылдырамыз деп сенемін.


М. ТАҢҒАТАРОВ, 

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы