- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Осындай жандардың бірі әрі бірегейі деп Түркістан қаласының тұрғыны, облыстық мәслихаттың депутаты, қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Базарбай Мұсабеков десек, еш қателеспейміз. Ол жақында Арыс қаласындағы болған оқиғада зардап шеккен жандарға қол ұшын созып, өз отбасы атынан 20 млн теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті. Атап айтқанда, (20 тонна ұн, 20 тонна күріш, 20 тонна өсімдік майы, 10 тонна макарон, 5 тонна ас тұзын) жеткізіп берді.
Қаламызда әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін – қайырымдылық дүкені» ашылып, өз жұмысын жасап келеді. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығында ашылу салтанаты өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған болатын. Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс жасайды. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажеттілігіне қарай беріліп келеді.
Әрине, қай қоғам болмасын өз даму жолында мұқтаждықты айналып өтпесі хақ. Сондай жандарға көмек қолын созуды өзінің парызы деп санайтын халық қалаулысы Базарбай Зұбайдуллаұлы жоғарыда аталған дүкенге бір жарым тоннаға жуық азық-түлік (шекер, макарон, өсімдік майы) және тағы басқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, халықтың алғысына бөленуде.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.