ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ АЛЫНДЫ

1  136 көрілім

Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимі алынды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, 19 қаңтарда түн ортасынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бұған дейін президент өзге өңірлердегі төтенше жағдайды мерзімінен бұрын алып тастаған болатын.

“Осылайша, бүкіл ел қалыпты өмірге оралуда, төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат пен басқа да уақытша шектеулер жойылды. Халықтың бірлігі мен ынтымағы, құқық қорғау органдары мен әскердің жанкешті еңбегінің арқасында бүкіл Қазақстан бойынша тәртіп пен тыныштық орнады. Елімізде әрқашан тыныштық пен береке болсын!” –  деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы