ҰҚШҰ әскерінің соңғы легі Қазақстаннан шықты

1  126 көрілім

РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар.

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

«Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты», делінген хабарламада.

Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы үйлеріне оралған.

Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан.

Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап оралды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы