Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 2 әкімшілік іс қозғаған болатын.
Әкімшілік істер соңғысының заңды мекенжайына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Сот талқылауының нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен жалпы соммасы 6 534 080 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алайда, субъект тарапынан соттың қаулысына апелляциялық шағым берілді.
Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша сот алқасымен субъектінің апелляциялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылды және бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.