ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ 3-ТОҚСАНДЫ ӨЗГЕРІСПЕН БАСТАДЫ

1  350 көрілім

    Бүгін Түркістан қаласы «Алатау» медиа орталығында  «Түркістан облысы білім мекемелерінде 3-тоқсанның басталуы туралы» брифинг болып өтті.

Атаулы шараға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова  және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы 3 бұйрығына сәйкес, барлық меншік түріндегі жалпы білім беретін мектептерде үшінші тоқсан 2022 жылдың 17 қаңтарынан басталғанын хабарлады.

    «2021-2022 оқу жылының 3-тоқсанында республика мектептерінде оқытуды ұйымдастыру бойынша 2022 жылдың 12 қаңтарындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде Қашықтықтан оқыту форматына меншік нысанына қарамастан облыстағы жалпы білім беру ұйымдары, сондай-ақ білім алушылар саны 600-ден асатын барлық қалалық мектептері ауыстырылғандығын хабарлаймыз» – деді Ардақ Мәдіханқызы.

      Осы тұста 600-ден астам адам оқитын қала мектептерінің 1 және 2-сыныптары штаттық форматта, ал 3-5-сыныптары кезекші сыныптар ретінде оқытылады деп жоспарлануда.

      Оқыту барысын штаттық форматта ұйымдастыру «Бір кабинет – бір сынып» қағидатын сақтау, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет екендігін түсіндірді.

           Облыстағы қашықтықтан оқыту форматына көшірілген барлық білім алушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге жедел шаралар қабылдануда.

      Білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. БЖБ және ТЖБ саны пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес айқындалады.

      Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарымен ағымдағы оқу жылының 3 тоқсанында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының ерекшеліктері туралы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін хабардар ету туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Шапағат ҒАЙБУЛЛА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы