ҚАЛАМЫЗДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

1  411 көрілім

Еліміздің өркендеуіне киелі түркістандықтар-дың да қосқан үлестері қомақты. Ел экономикасы дамып, кәсіпкерлік саласы күн санап өсе түссе, құрылыс, тұрғын үй бағдарламасына сәйкес жұмыстар қарқынды атқарылуда. Қаланы шырайландырып абаттандыру ісі бір сәт те дамылдаған жоқ. Қала көшелерін реттеп, оны талапқа сай жөндеу жұмыстары жалғасып, қаламыз көркейіп келеді. Киелі шаһарда ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Көше бойлары түгел жарықтандырылып, қала заманауи үлгіде дамуда. Бұрынғыдай емес, соңғы жылдары қаламызда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Осының бәрі ел тәуелсіздігінен бастау алып, қажырлы еңбек пен тиімді саясаттың арқасында қол жеткен дүние.

Айта кетерлігі биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге және жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджет есебінен 2019 жылы 9 106,1 млн теңге қаржы қаралған. Оның ішінде: Құрылыс жұмыстарына 8 374,8 млн теңге, жоба сметалық құжаттарына 731,2 млн теңгені құрап отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы басталып 2019 жылға өтпелі 20 тұрғын үй құрылысы (1200 пәтер, 61,5 мың ш.м.) жыл соңына дейін, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 7 қабатты 14 тұрғын үйдің (47,0 мың ш.м., 672 пәтер) құрылысы басталды. Бұдан басқа, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының бойында орналасқан 7 қабатты 10 тұрғын үйдің (60,0 мың ш.м., 960 пәтер) құрылысы басталды. Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданындағы 20 көпқабатты тұрғын үй кешеніне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен қамтамасыз ету) құрылысының жұмыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама әзірлеу» құрылысын РГП «Еңбек-Қызылорда» мекемесі жүргізуде.

Білім саласы бойынша Отырар мөлтек ауданынан 900 орындық мектеп құрылысы 2018 жылы басталды. Конкурстық құны 1 289,1 млн теңге құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып 200,0 млн тенге игерілді. 2019 жылға 1 080,0 млн теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылға игерілген қаржы 553,2 млн тенгені құрап отыр. Қазіргі таңда нысанның құрылысы толық жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 2019 жылы Түркістан қаласы, Әл-Фараби атындағы №10 мектептің спортзал құрылысына жергілікті бюджеттен 22,04 млн теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы маусым айында мемлекеттік қабылдаудан өткізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағынан «Тұңғыш президент атындағы саябақ құрылысына» бүгінгі таңда 38,0 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасына қажетті техникалық құжаттары жинақталып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Бүгінгі төл мерекеміздің қарсаңында құрылысшыларымыз осындай ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. Қасиетті қаланың ауқымы кеңейіп, қаншама құрылыс нысандарының бой көтерілуі құрыш қолды құрылысшылардың ерен еңбегі деп білеміз. Қала көлемінде осындай игілікті істерді атқарып жатқан құрылысшыларды алдағы келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта да қаланың көркеюіне өз үлестерін қоса береді деп сенемін.

Тәжібай ЕГЕТАЕВ,

қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы