ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК

1  301 көрілім

Түркістанда желтоқсанның 10-ынан басталған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік» салтанатты іс-шарасынан басталған саяси- мәдени шаралар ондаған күнге жалғасты. Осы салатанатты шарада

өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев егемендіктің арқасында қол жеткен жетістіктерге ой жүгіртті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып, жан-жақты нығайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік рәміздеріміз белгіленді. Мемлекеттік, халықтық билік жүйесі қалыптасып, ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылып, ұлттық қауіпсіздік саласы жаңарды. Ата Заңымыз қабылданды.

Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы өңір орталығына айналды», – деді Өмірзақ |Шөкеев.

Еліміздің Тәуелсіздік туы астындағы 30 жылдық жетістігі мен мақсатын тереңнен толғауға болады. Расында да өткен мен жаңа дәуір өткелінің тар соқпағынан болашақ даңғылына жол салған Қазақстан Республикасы әрбір саланың төл тамырына қайта жан берді.

Елбасының тарихи Жарлығынан соң Түркістан облысында аса ауқымды да маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Содан бері өткен үш жылдан астам уақыт ішінде түркі әлемінің рухани астанасы ретінде Түркістан қаласы күн санап адам танымастай көркейіп, түлеп жатса, киелі қаланың атауын иемденген өңірдің аудан-қалалары мен ауылдары да қатар даму үстінде.

Қастерлі қалада жүздеген сәулетті ғимараттар мен нысандар пайдалануға берілді. Жаңарып жатқан Түркістан мен өңірді тамашалау үшін биылдың өзінде 1,3 миллионнан астам қонақ келген.

Соның ішінде тарихты зерттеу, зерделеу, қайта жаңғырту бағыты қарқын алып, түп-тамырымыздың тарихи шежіресі өз сырын айқын, анық шерте бастады.

Түбі бір түркі жұрты бас иген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның айналасындағы тарихи-мәдени орындардың жаңғыруы, археологиялық қазба жұмыстарының жандануы тәуелсіздігіміздің игі жемісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында «Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді.

Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мыңдаған жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты»,-деді Мемлекет басшысы.

Бақытжан БУКЕБАЕВ,

Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы