Сауран ауданының үздіктері марапатталды

776 көрілім
  Түркістандағы «Ақжайық» мәдениет орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, Сауран ауданының бір топ еңбек озаттары марапатталды. 
«Тәуелсіздік тұғыры» айдарымен өткен мерекелік шарада аудан әкімі Ғани Құрмашұлы алғысөзбен ашып, жаңадан құрылған ауданның мақтаныштарына «Құрметті азамат» төсбелгісін  табыс етті. «Құрметті азамат» атағына Сауран ауданының ашылуына сүбелі үлес қосқан жазушы Елтай Бимаханбетұлы бастаған  Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Сауран ауданы әжелер алқасының төрайымы Бексұлу Жолдасбекова, Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердалы, ақын Қасымхан Бегманов, кәсіпкер Даныш Маннатовтар ие болды.
Хабиболла Абашев, Ерлан Серікұлы, Мақпал Абишева, Сейілхан Ахметов «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, бір топ қызметкерге ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы», аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шағын концерттік бағдарлама жасады.

Иса Беркімбай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы