Ақсақалдар алқасы «Отбасыңмен он тал ек» акциясына қатысты

736 көрілім

Жұмаділла Кішібаев басқаратын Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының бастамашылығымен «Риксос» қонақүйінің алдында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, «Отбасымен он тал ек» акциясына қатысып, 30 түп Қырым аршасы отырғызылды. «Жасыл Түркістан» кәсіпорнындағы ағаш отырғызудың шеберлері ақсақалдарға көмектесіп, әрбір талдың тез жерсініп кетуі үшін түбіне нитроаммафос сеуіп, бірден дәрілеуде.


Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары, Түркістан қаласындағы секторлардың төрағасы Қуандық Ерсұлтановтың айтуынша, бұл қоғамдық бірлестігі бұған дейін Байтанаев көшесіне 80 тал еккен екен.


Жақында Алматыдағы «Қарағайлы орман» аумағына түрлі ағаштар отырғызып жетісулықтармен іс-тәжірибе алмасып қайтыпты. Алдағы уақытта Алматыдағы «Green City Turkestan» компаниясының басшысы Бақытжан Қосжановтың қолдауымен республика аумағында экопатруль жасақтауды жоспарлап отыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірдің экологиялық климатын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асырылуда. Осыған орай, егілген ағаштарды қорғау, күтіп-баптау жұмыстарын бақылау мақсатында Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасы қатарына жастарды тарта отырып, «Жасыл патруль» жасақтауды қолға алмақ.
Иса БЕРКІМБАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы