ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

482 көрілім

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тәуелсіздік кез-келген ұлттар мен ұлыстардың қол жетпес ұлы арманы. Әлі күнге дейін отаны, елі жоқ халықтар бар екендігін ескерсек, сан ғасырлар бойы бабаларымыз бен аталарымыз армандаған, мыңдаған мәрте бұрқ еткен ұлт-азаттық күрестерінде жанын қиған қаһармандарымыздың қанымен келген тұмарымыз Тәуелсіздік Түркістан өңірінің дамуына, жасарып-жаңғыруына ерекше серпін берді.

Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістанға облыс орталығы мәртебесінің берілуі, Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы болып саналуы қалалықтарға үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеді.

Ендеше, әрқайсымыз да облыс орталығы һәм түркі дүниесінің рухани әрі мәдени орталығының азаматтарына сай білімді де білікті, саналы да сауатты, рухани дүниесі бай болып жетілуіміз керек.

Қазірдің өзінде танымастай өзгерген киелі Түркістанымыздың жасарып, жаңғыруы Сіздердің ынтымақты әрі жанқиярлық іс қимылдарыңыздың арқасында атқарылғаны даусыз. Алдағы уақытта да өңіріміздің дамуына сүбелі үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз.

Құрметті түркістандықтар, Сіздерді мерейлі ұлық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әрбіріңіздің шаңырақтарыңызда шаттық орнап, қызметтеріңіз жемісті, денсаулықтарыңыз мықты болуына тілектестігімізді білдіреміз.

Н.ТҰРАШБЕКОВ,

Түркістан қаласының әкімі.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы