- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өз басым ең талантты, ең дарынды, ең отаншыл, ең еңбекқор жастар Түркістан облысында тұрады деп есептеймін! Кезінде ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек» деген екен. Ерлік жасау үшін де жастарға қолдау қажет. Осы мақсатта қаламызда “Ынтымақ үйі” мен Түркістан қалалық “Жастар орталығы” ғимараты ашылды. Қос ғимараттың ашылуы “Атадан өсиет” монументі лентасының қиылды.
Жалпы енді мұның бәрі мемлекетіміздің жастарға деген көңілі. Ертеңгі жастар – еліміздің іргетасы. Соларға білім беру, жағдай жасау, жаңа заманауи тұрғыдағы коворкинг центрлерді ашу – мемлекетіміздің басты бағдарламалары, басты бағыттары болып табылады. Нысанның әлі талай игі істердің бастамасы болатынына сеніміміз мол.
Тәжібек МҰСАЕВ
“Nur Otan” партиясының Түркістан қалалық мәслихат депутаты