ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, МАДХИЯ

2  506 көрілім

Жақында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркін және әйелдер күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетті.

«Жеңіл атлетика спорт кешенінде» өткен дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жалпы 20 команда, 320 балуан күш сынасты. Ел үздіктері анықталған біріншілікте Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылының тумасы Мадхия Усманова 42 келі салмақта сынға түсіп, ІІІ орынды қанағат тұтты. Түркістан облысының намысын абыроймен қорғаған Мадхия бүгінде Алматы қаласындағы арнайы спорт мектеп-интернат-колледжінде білімі мен тәжірибесін жетілдіріп жүр. Бұрымды спортшымызға жүлде құтты болсын деп алдағы бәсекелерде сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, Мадхияның спорттағы осындай жетістіктерге жетуіне Хислат Мамметов, Нұржігіт Ерімбетов, Нұрқожа Дәулет, Талғат Керімбаев сынды тәжірибелі бапкерлерінің сіңірген еңбегі зор. Р.ӘЛІБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы