ПРЕЗИДЕНТТІК ШАҚЫРЫМ ТАРТЫСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

195 көрілім

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» ұранымен Президенттік шақырымға жүгіруден бұқаралық жарыс өтті. «Түркістан арена» стадионынан бастау алған бұл жарысқа облысымыздан мыңға жуық спортшы қатысты.

2,4 шақырым қашықтықты жүгіру нәтижесінде Кентаулық Ардашер Захидинов мәре сызығын бірінші болып, жеке дара көш бастады. Екінші болып түркістандық Бағдәулет Абдурайымов келсе, үздік үштікті Кентаудан келген сайыпқыран Дәдәжан Суннатуллаев қорытындылады. Ал, әйелдер арасында мәре сызығын бірінші қиған Қымбат Серік болса, екінші орынды Дария Күнқожа иеленді. Үшінші орынға Ангелина Сальникова тұрақтады.

Сонымен қатар, 30 жастан асқан спортшылар арасында да үздіктер анықталды. Ер кісілер арасында Құдияр Кәрібаев бірінші, Бахрам Базарбаев екінші және Еркін Жадрисов үшінші орынды олжалады. Ал, 30 жастан асқан әйелдер арасында Ли Виктория мәре сызығын бірінші қиса, екінші болып Әлия Жандарбекова келді. Ал, үшінші орын Любовь Белоусқа бұйырды.

«Бүгінгі мерекелік жарысқа ерекше шабытпен келдім. Екі жарым шақырымға жүгіру қатты қиын болмады.Ең бастысы жеңіске деген жігеріңіз алғашқы кезекте тұруы керек деп ойлаймын»,- дейді жарыс үздігі А.Захадинов.

Шара соңында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұқаралық жарысқа қатысқан жұртшылыққа алғысын білдірді.Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және жарысқа белсене қатысқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

“Түркістан-ақпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары