ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

296 көрілім

Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Түркістан станция» бастауыш партия ұйымында Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағаидаттар жиынтығы кеңінен насихатталып, түсіндірілді. Мәжілісті Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясы, «Түркістан станция» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Сырлыбеков ашып, жүргізіп отырды.


Жиында «Түркістан станция» бастауыш партия ұйымының хатшысы Қ.Нұрмағамбетов Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты 7 қағидат жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Бұдан соң «Түркістан станция» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Сырлыбеков партия аясында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Ал, Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының консультанты Ә.Исабеков партияның қала көлемінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, қатысуышлар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары