МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӨЗІНІҢ ЕМЕС, ЕЛДІҢ ИГІЛІГІН ОЙЛАУЫ КЕРЕК

1  205 көрілім

Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани-этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық Ережені басшылыққа алуы тиіс.

Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.

Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игілігіне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасы мен шатастырмауы керек.

Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.

Заң талаптары мен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.

Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.

Қазақстандық мемлекеттікқызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.

Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағына білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.

Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Бұл мәселеде маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды». Мемлекет бұл бағытта мақсатты жұмыс істеуде. Оның дәлелі «Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру және нығайту жөнiндегi iс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 830 қаулысы болып табылады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен

Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.

Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған.

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.

Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.

Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық – психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру – ауыр және ұзақ процесс.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші – мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет.

Ерлан КҮЗЕМБАЕВ,

Түркістан қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы