ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘЛСІРЕМЕУІ ТИІС

403 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығы басшыларының есебін тыңдады.

Бөлім басшысы Гүлжамал Даханова 10 айда атқарылған жұмыстарды баяндап, атаулы әлеуметтік көмектің, кәсіпкерлікті дамытуға берілетін мемлекеттік гранттың қазіргі деңгейіне тоқталды. Қала бойынша мемлекеттік грантқа қол жеткізгендердің 46-сы жастар. 6952 адам жұмысқа жолданып, 3929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасының жүзеге аспауын сынға алған Нұрбол Әбдісаттарұлы есеп көрсеткіштеріне көңілі толмайтынын да атап өтті.

– 200 мыңнан астам тұрғыны бар қала үшін Сіздің есебіңіздегі көрсеткіштер тым аз. Облыс орталығы статусын алғалы Түркістанда құрылыс қарқын алды, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. Соған қарамастан жұмыссыздар мен кедейлік шегінде жүрген отбасылар әлі де бар. 46 жасқа грант берілді деген мақтаныш емес. Мемлекеттік бағдарламаларға түрғындарды көптеп қатыстыру үшін жоспарды жөндеп жасау керек, – деді қала әкімі өз сөзінде.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаева да өз кезегінде атқарылған тірліктерді тізбектеп, жыл соңына дейін бірқатар жоспарларды орындау көзделгенін тілге тиек етті. Шаһар басшысы тұрғындарға қызмет көрсету барысында таныс-тамырға артықшылық жасалмауы, «бармақ басты, көз қысты»-ға жол берілмеуі қажеттігін баса ескертті.

– Әділ болыңыздар. Шын мұқтаждар көмектеріңізге жүгінсе, көмектесуге барлық мүмкіндіктерді қарастыруға міндеттісіздер. Мұқтаж азаматтар Сіздерден өтіп, менің қабылдауыма келсе, демек өз міндеттеріңізді тиісті деңгейде атқармайсыздар деп қабылдаймын, – деген Нұрбол Әбдісаттарұлы сала жетекшілеріне жұмысты ширату бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы