«ТҮРКІСТАННЫҢ ТЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫ»

739 көрілім

Түркістан облыстық «Farab» әмбебеп ғылыми кітапханасында «Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті.

Ел Тәуеліздігінің 30 жылдығына арналған «Тарихи тұлғатануға олжа салған еңбек» атты  іс-шараны аталған кітапхана ұжымы мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» кафедрасы бірлесіп өткізді.

Кітаптың авторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазретәлі Маханұлы. Сонымен бірге рухани кеште тарихшының еңбектері мен зерттеулері топтастырылған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

Жаңа туындының  таныстырылымына белгілі тарихшылар мен дінтанушылар, профессорлар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ,  Досай Кенжетай, Сейдулла Садықов, Зікірия Жандарбек, Мұхтар Қожа, Бекжігіт Сердалы,  Серік Ыдырыс және тағы басқа ел азаматтары қатысты.

Кітаптың  тұсаукесер рәсімін  жасаған қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы,  Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Қазақ радиосының ардагер жүргізушісі Г.Қабланова  жүрекжарды лебіздерін білдіріп, тарихшының еңбегін жоғары бағалады.

Ғалым «Түркістанның текті тұлғалары» атты кітабында Түркістаннан шыққан қайраткерлер мен елдің ардақты азаматтары туралы ізденіп жазған зерттеулерін енгізген. Тұшымды тілмен жазылған дүние жалпы оқырман қауымның оқуына арналған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы