ҮШ СПОРТШЫ, ҮШ ЖҮЛДЕ

1  709 көрілім

Шілде айының 26 мен 28 жұлдызы аралығында Алматы облысы, Кеген ауданының орталығында жекпе-жек өнерінен Әлмерек батыр атындағы халықаралық турнир жалауын желбіретті. Кеген ауданының әкімдігі, «Әлмерек абыз» қоғамдық қоры және Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған турнир Кеген ауданының және Шырғанақ ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай өткізілді. Халықаралық додада еліміздің таңдаулы сайыпқырандары мен Орталық Азия елдерінің кәсіпқой 24 спортшысы 12 салмақ дәрежесі бойынша айқасты.

«Жекпе-жекте жүректілер жеңеді» демекші, Түркістан облысынан кәсіпқой 3 спортшы қатысып, үшеуі де жеңіс тойын тойлады. Атап айтсақ, тас түйін дайындықпен барған Берік Шаназаров (57 келі) пен Серік Мақұл (61 келі) өз салмақ дәрежелері бойынша Халықаралық жарыс жеңімпазы атанды. Ал, Ақжол Үсен (65 келі) ақтық сында қарсыласына есе жіберіп, күміс медальды місе тұтты. Айта кетсек, Серік Мақұл аталмыш турнирде жоғары өнер көрсетіп «Ең үздік спортшы» атанды. Алматыда олжа салған спортшыларымыз арнайы кубок және дипломмен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы