ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ ТҮРЛЕРІ ӘЛІ ДЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ

2  591 көрілім

    Бұл туралы журналистерге Парламент Мәжілісінің залында Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

    Ол өз сөзінде  еліміздегі азық-түлік өнімдері мен әлемдегі әлеуметтік азық-түлік бағасының өсу мәліметін салыстырмалы түрде келтіреді.

      «Биылғы жылдың он айында әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы 10,4 пайызға өскендігі байқалды. Ал, әлемдік ауқымда 33 пайызға өскен. Долларға шаққанда баға 50 пайызға жоғарылаған,-деп атап өтті Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісінде журналистерге берген сұхбатында.

     Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік маңызды тауарлардың жартысынан астамы сырттан тасылады.

     «Егер де күнбағыс майын алсақ, бізде бағасы 30 пайызға өссе, әлемде 60 пайызға жетті. Қант бағасы бізде 14 пайызға өссе, әлемде 54 пайызға жеткен. Бидай өнімдері әлемде 41 пайызға өссе, бізде небәрі 12 пайызға ғана көтерілген. Бұл еліміздегі бағаны үкіметтік тұрғыда ауыздықтау арқылы төмендетіліп отырғаны».

     Оның айтуынша, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы әлі де көтеріледі. Себебі, көптеген мемлекеттер бағаны ауыздықтаумен емес, өзінің тұрғындарын әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерімен жабдықтаумен шектелуде.

     «Міне сондықтан, осы мемлекеттер биржалық нарықтарда бағаны өсіріп отыр. Мәселен, биылғы жылы Бразилияда ауа райының тым салқын болуына байланысты қант бағасы көтерілді. Себебі, мемлекет қант өнімі аз болатындығынан қауіптеніп отыр. Екінші назар аударатын нәрсе –ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдау -18 пайызға, электр қуаты -15-20 пайызға, жанар-жағармай бағасы 12-15 пайызға өскендігі байқалды. Бұл обьективті факторлар болса, басқа да түрлі себептері бар»,-дейді Серік Жұманғарин.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы