Биылғы жылдың 9айында медициналық ұйымдардан6626 кемшілік анықталды. Бұл жөнінде Қордың Түркістан облысы бойынша филиалы медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Нұржан Кәрімжанұлы Алтыбаев хабарлады.
Бөлім басшысының мәліметінше, кемшіліктердің басым бөлігі амбулаторлық-емханалық және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуде, қызмет көлемін негізсіз арттыруда, емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден,клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу фактілері, медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдемеуге қатысты.
Биылғы жылдың9 айында 6626ақау анықталды. Оның ішінде, 1142 -консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтар, 4234 – емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден, клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу фактілері,1225 – медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдемеу, 25 -көрсетілген медициналық қызметтердің расталмауы–деді, бөлім басшысы.
Медициналық сақтандыру қорымен шарттық қатынастар жасасу кезінде медициналық ұйым өзіне тіркелген халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеттемесін алады. Және Қор осы міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы. Пациенттердің құқықтарын қорғау үшін Қор сарапшылары МӘМС жүйесінде де, сондай-ақ Мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі (ТМККК) бойынша өнім берушілердің халыққа көрсеткен қызметтерінің сапасы мен көлеміне жоспарлы мониторинг жүргізіп отырады.
Қор пациенттің құқықтарын қорғаушы ретінде МӘМС жүйесінде, тегін медициналық көмектің көлемі бойынша тұрғындарға көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне жоспарлы мониторинг жүргізеді.
Айта кетерлігі, медициналық көмек көрсету барысында кемшілікке жол берген барлық денсаулық сақтау субъектілерінеайыппұлсанкциялары қолданылды. Сонымен қатар, Қор тарапынан проактивті мониторинг жүргізуді тәжірибеге енгізілді.
Енді шарттық міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған жағдайда өнім берушіге оларды жоюға және тиісінше орындауға қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн беріледі. Егер ақау мерзімінде жойылмаса, медициналық ұйымға айыппұл салынады. Медициналық қызметтерге ақы төлеу қайта мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Яғни, факт бойынша көрсетілген, құжатпен расталған және клиникалық хаттамалардың барлық стандарттары мен ұсынымдарын сақтай отырып көрсетілген қызметтер ғана төленеді.
Сондай-ақ, пациентке алмаған қызметі, МӘМС жүйесінде, тегін медициналық көмектің көлемі бойынша алған қызметтер сапасыз болған жағдайда, 1406 телефонына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына, fms.kz ресми сайт арқылы өтініш қалдыруына болады.
ХҚТУ КДО ЖТД: Ешметова Айдана Аянқызы
Байланыс тел: 8-707-948-76-96