- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Биылғы жылдың наурыз айында құрылған Сауран ауданы бүгінде ел өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Өз алдына енші алғалы бері қарамағына 12 елді мекен бірігіп, бүгінде аудан тынысы көркейіп жатыр. Жаңа аудан болып құрылғалы аймақта бірқатар игілікті шаралар мен басқосулар өтуде. Соның бірі Сауран ауданына қарасты, Қарашық ауылдық мәдениет үйінде Кентау қаласының «Сауранға тарту» жобасы аясында «САУРАН ЖАСТАРЫ – ЖАҢАРУ МЕН ДАМУ ЖОЛЫНДА» атты жыл үздіктерін марапаттайтын жастар форумы өтті.

Мерекелік іс шараға Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергенов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова және Сауран ауданының зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Жыл үздіктерін марапаттау рәсімінде аудан әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергенов сөз сөйлеп, аудан үздіктерін құттықтады:

- Биыл өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Сауран ауданы жеке аудан болып құрылды. Жаңа өңір болып құрылғалы біршама жұмыстар атқарылды, сол жұмыстардың нәтижелі болып аяқталуына бірден бір себепкер болып отырған өздеріңіз. Жастар тарапынан әрқашан белсенділік жоғары болса, Сауран ауданының даму қарқыны алға қарай ілгерілей бермек, – деп Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболовамен бірге аудан үздіктерін марапаттады.
Форумда аудан үздіктері «Үздік жас мұғалім», «үздік жас құқық қорғау қызметкері», «Үздік жас ауылшаруашылық қызметкері», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас медицина қыметкері», «Үздік жас жүргізуші (жедел жәрдем жүргізушісі)» , «Үздік жас фельдшер», «Үздік жас ерікті (волонтер)», «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», «Үздік жас тәрбиеші (бала бақша тәрбиешісі)», «Үздік жас мәдениет қызметкері», «Үздік жас руханият жаршысы», «Үздік жас оқушы», «Үздік жас спортшы» номинациялары бойынша марапатталып, мақтау қағазымен арнайы «Жыл үздігі» естелік белгі табысталды.



Форумда аудан өнерпаздары ән шырқап, би билеп қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылып мәдени іс-шараның шырайын келтірді.
Шара соңында үздік деп танылған маман иелеріде сөз сөйлеп, Сауран ауданының әкімдігі мен Кентау қаласының әкімдігіне өз алғыстарын жеткізді.
Ұлпан АБДІРАХМАН