95 637 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

373 көрілім

«Covid-19» инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда. Күнделікті мобилді топтың рейдтік шаралары нәтижесінде жыл басынан бері жалпы 23 322 нысан карантин талаптарының сақталуына тексеріліп, 860 хаттама толтырылды.
Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау көрсеткішіне сәйкес, I-ші компонентті ектіргендер – 95 637 адам болса, II-ші компонентті – 71 370 азамат салдырды. Қазірде екпе егу нүктелерінде мамандар «Hayat Vax», «Sputnik V», «QazVac» вакциналарымен қатар, «CoronaVac» вакцинасын пайдалануда. Соңғы статистикаға сай, қазан айының 12-іне дейін «COVID-19» диагнозымен – 71 науқас тіркелсе, пневмония жұқтырғандар 5 адамды құраған. Жыл басынан бері 67 348 адам ПТР тест тапсырып, денсаулығын тексерді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы