Түркістан қаласы аумағында жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жасалуда. Түсіндірме жұмыстарын Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының ерікті студенттері және газ инспекциясы мамандары атқаруда.
Тұрғын үйлерде газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау қағидалары бойынша газ техникалары ескірген бірнеше үйлер анықталған. Аталған үйлерге қауіпсіздік шаралары жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізі-луде. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалуда.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
529 көрілім