ЖАРҚЫН ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

1  491 көрілім

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударды. Сонымен қатар, ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары тағы басқа да көптеген мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді. Әрбір жарияланған Жолдау Мемлекет басшысы айқындаған нақты жоспар-стратегиялар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани түлеуімізге, тәуелсіздігіміздің шынайы нығаюына негіз болып келеді.
Мемлекетіміз осыған дейінгі жетістіктермен шектеліп қалмақ емес. Еліміз алдағы уақытта да дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуді тоқтатпайды. Әлемдік кеңістікте жалғыз өмір сүрмейміз, сондықтан дүниежүзінде қалыптасқан саясатпен санасу қажет. Президенттің Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар ұсынылған. Әрбір Жолдау – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қорғаушы күші болып табылады.
Жолдауда әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс делінген. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды болып отыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу керектігін айтты. Әкімдіктер жергілікті тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың мәселелерін шұғыл шешумен айналысуды міндеттеді.
Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басып, соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеріп жатқанын, жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан шақта біздер бағдарымызды бекемдеп, болашаққа деген көзқарасымызды айқындауымыз қажет екенін жеткізді. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейтінін, сондықтан, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болғанын, әрдайым солай болып қала беретінін атап өтті.
Бүгінгі таңда әлемдік саясатта еліміздің өз орны болуы, экономикасы жылдан-жылға тұрақты дамуға бағыт алғаны, әлемдегі жаһандану процесінің арнасын таба бастағаны, халықтың татулығы мен елдігі саяси тұрақтылықтың арқасы. Ынтымағы мен бірлігі ұйыған елдің тұғыры әрқашан биік, баянды да ғұмырлы, бейбітшілік бәріміздің де басты мұратымыз екенін атап өтті. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық-халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі болып қала бермек.
Мемлекет басшысының халық асыға күткен жыл сайынғы Жолдаулары да елімізде тұрақтылықты орнықтыра түсуге бағытталып отырғаны белгілі. Бұл ретте қала тұрғындарының Президент Жолдауынан туындайтын асыл мұраттарды іс жүзіне асыру жолында қажырлы ісінің үлгісін танытып, уақыт тынысына сай еңбек етіп жатқаны мәлім. Олай болса, ел ертеңі кемелденсін десек, жас буынға дұрыс бағдар беріп, келешекте көркейген Қазақстанның негізін осы Жолдау жүктеген міндеттер аясында нақты іспен жүзеге асырайық демекпін.

Бақытжан БУКЕБАЕВ,
қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы