ҚАРТТАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

805 көрілім

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламызда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аталған шараны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Шавгар, Бекзат тұрғындар алқабының сектор меңгерушілері Асқар Сәрсенбаев пен Жанбота Тағайбаев, Шавгар мөлтек ауданының көше комитетінің төрағасы Пернетай Досыбековтер бірлесе жүзеге асырды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Түркістан қаласындағы үйлестірушісі Алишер Алдияров аталмыш мөлтек аудандағы 40-тан аса қазыналы қарттарымызға азық-түлік өнімдерін үлестірді.

«Бүгінгі шараның негізі елдігімізді нығайтқан қазыналы қарттарымызға ел атынан алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау. Біз үлкенге қарап бой түзейтін халықпыз. Алдыңғы буыннан үлгі алып, үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысамыз. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп ата буынды ардақтап, қашанда құрмет көрсетіп жоғары көтеретін елміз. Отбасының берекесі шаңырағының тыныштығымен татулығының тұтқасы болған абыз ақсақалдар, ақ жаулықты әжелеріміз біз үшін әрқашан да үлгі-өнеге болмақ», – дейді көше комитетінің төрағасы Пернетай Досыбеков.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы