ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР САЙЫСЫ ӨТЕДІ

572 көрілім

12-13 қазан аралығында Түркістан қаласында алғаш рет республикалық қарилар сайысы болады. «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан» өтетін жарыс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолдауымен жүзеге аспақ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай арнайы белгіленген Х Республикалық байқаудың биыл Түркістанда ұйымдастырылуы тегін емес. Қарилар арасындағы жүйрікті анықтайтын кезекті байқау қайта түрленген киелі шаһарда жатқан ата-баба рухына тағзым етумен ерекшеленбек. Сондай-ақ байқаудың бас жүлдесіне су жаңа шетелдік автокөлік және 500 мыңнан 3 млн теңгеге дейін қаржылай сыйлықтар қарастырылып отыр.
Айта кетейік, дүбірлі сайыста әр облыстан 4 үміткер бақ сынамақ. Байқауға қатысатын үміткерлердің өзі бұған дейін арнайы іріктеуден өтіп, солардың ішінде төртеуі лайықты деп танылған. Республикалық қарилар арасындағы жарысқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы төрелік етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы