Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай, ашылған «Атадан өсиет» ескерткішінің лентасын қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Әбдіхан Әбдіқадіров, Түркістан қалалық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Мұстафаева, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қиды.
Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай, жиналған қаланың зиялы қауым өкілдері жаңадан ашылған «Ынтымақ» үйінің ішіндегі қоғамдық ұйымдардың бөлмелерімен танысты.
Қариясын ұлықтап, жастарды қолдаған ұрпақ озады. «Ынтымақ» үйінің іргесінен «Жастардың ресурстық орталығы» да бой көтерді. Қарттар күніне орай, қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан зейнеткерлер марапатталды. Мәдени шара концерттік бағдарламаға ұласты.
ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚ ҮЙ» АШЫЛДЫ
729 көрілім
