«COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

595 көрілім


Түркістандағы «Жеңіс» орталық саябағында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының ішінен «COWORKING»-тің ашылу рәсімі өтті. Офисті әрлеу жұмыстарына бюджеттен бір тиын шығармай, жастар өздері көтерді. Офистің тұсаукесерін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды.


Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жастар орталығында қаладағы бүкіл жастарға қатысты жаңа жобалар мен қордаланған жайлардың оңтайлы шешілетін орыны болатындығына сенім білдірді. Тұсаукесердің арнайы қонағы болған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ең жас депутаты Мәди Ахметов пен «Nur Otan» партиясы республикалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев жастардың пікрісайыс алаңына сәттілік тілеп, орталыққа проектор сыйға тартатындығын мәлімдеді. Осылайша, «Жеңіс» саябағында «Ынтымақ үйі», Жастардың ресурстық орталығы ашылды

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы