ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДАР МЕН АЛИМЕНТ БЕРЕШЕКТЕР ӨНДІРІЛУДЕ

1  069 көрілім

Түркістан қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен жеке сот орындаушылары және жоль-патрульдік полициямен бірлескен түрде рейдтік шаралар өткізілуде. Түркістан қалалық прокуратурасының мәлімдеуінше жыл басынан Түркістан қалалық аумақтық жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру туралы жалпы 1303 атқару құжаты тіркелген. Оның ішінде 192 өз еркімен төлеп, оңды шешімін тапса, 1111 атқару құжаты орындалу үстінде.
Қала прокуратурасымен аумақтық сот орындаушылардың және уәкілетті органдардың бұл бағыттардағы жұмыстарына талдау жүргізіліп, нәтижесінде 5 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілген. Сонымен қатар, 1 тәртіптік іс өндірісін қозғап, жалпы 23 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, алимент өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 13-борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Қазіргі таңда сот орындаушылар, жоль-патрульдік полиция және прокуратурамен әкімшілік айыппұлдарды және алимент берешектерін өндіру бағытында «Ураган» автокөлігімен бірлескен рейдтік іс-шаралар апта сайын жүргізілуде. Сонымен қатар, жақын арада борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы