- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы елімізге жаңа серпін мен сенім беруде. Жолдау басында, Президент Қ.Тоқаев Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, …«Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз… Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда» – деп, халыққа деген үлкен сенімін білдірді. Үкіметке Жалпыұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды.
Болашағымыз жас ұрпақты, заман талабы мен сұранысына сай инновациялық және заманауи технологиялық мамандықтар мен кәсіптерге үйретіп, сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өнерге баулып отырған ұстаздар қауымы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауына қолдау білдіреміз.
Президентіміз «Сапалы білім беру» басымдығында педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсуіне орай, ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра беретінін ерекше атап өтті. 2025 жылға қарай білім ошақтарының санын 1 миллионға жеткізуді және оқу бағдарламаларын жаңа жағдайда бейімдеу міндетін құзырлы министрлік пен Үкіметке, бұл – кезек күттірмейтін шаруа екенін атап, қолға алуды тапсырды.
Осы бағытта Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қаламыздың облыстық мәртебе алғалы көптеген заманауи ғимараттар мен құрылыстар және білім ордаларының салынып, жас ұрпақтың білім мен өнер үйренуіне үлкен көңіл бөліп, жағдайлар жасауда.
Атап айтсақ, оқушылар сарайы, «Ақжайық» музыка мектебі, әлемдік талапқа сай стадион, спорттық-сауықтыру су бассейні және физика-математика бағытындағы олимпиадаға дайындау мектеп-кешені 2021-2022 оқу жылына оқушылар қабылдап, өз жұмыстарын бастап кетті.
Сондай-ақ, 720 орындық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» және 700 орындық мамандандырылған «Дарын» мектебі бой көтеруде. Осы аталған мектептер мен кешендер қаламыздың келешегі, жасөспірімдеріміздің игілігі үшін қызмет ететін болады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауы барысында 7 басымдыққа нақты тоқтала отырып, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға 5 бастаманы бағыттады. Жолдауда аталған басымдықтар мен бастамалар халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі болатынына сенімдіміз.
Қ.МЫРЗАҚҰЛОВ,
«Түркістан қаласының балалар
қолөнер мектебі» МКҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.