ЖАҢА БАСТАМАЛАРДЫ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ

462 көрілім

Президентіміздің биылғы Жолдауында көңілге қонымды тұстар баршылық. Мысалы, алдағы бес жылда салынатын жаңа мектептер санын сегіз жүзден мың мектепке дейін өсіру бастамасы өте құптарлық іс. Себебі, бұл Түркістан облысы үшін өзекті проблема. Бұл өз кезегінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен астасып жатыр. Әсіресе,  мені мәдениет қызметкерлеріне қатысты ұсыныстар қуантты.  Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсыратындығын айтты. Бұл өте орынды бастама екені даусыз. Өйткені ең аз жалақы алатын сала қызметкерлері аз емес. Соның ішінде кітапханашылардың еңбекақасы өте мардымсыз болып келеді. 

Бұдан бөлек,  Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті.  Бұл шара 1 млн. адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға үлкен қолдау болары сөзсіз. Егер осы бастама толық іске асса, айлығы шайлығынан артылмайтын қазақстандықтардың қатары сирер еді. 

Еліміздегі тағы бір мәселе – баспана екені даусыз. Бұл ретте Президентіміз зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Бұл өз кезегінде халықты қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына үйретпек.

Бекарыс ШОЙБЕКОВ,

облыстық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы