ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – БАСТЫ ПАРЫЗЫМ

109 көрілім

Биліктің немесе қызметтің үлкен кішісі жоқ. Егер мен осы орында отырмаған болсам да елге пайдамды тигізетін жол іздейтін едім. Мәселен, сіз базарда тұрып, сауда-саттықпен айналысып, сататын дүниеңізді қолжетімді бағада ұсынсаңыз оның өзі елге жасаған қызмет. Ал, ойыңызға келген нарық құнынан жоғары бағаны айтып, аспандап тұрсаңыз сіздің халыққа пайдаңыз шамалы. Сондықтан қандай да бір іс жасағанда қанағатшылдық танытып, қарапайым халыққа жақын болсаңыз ол сіздің азаматтығыңыз. Елге деген жанашырлығыңыздың белгісі. Сол себепті, әрбір азамат елге қызмет етуі үшін ең бірінші кезекте көпшіліктің жағдайына қарайласып, соның ыңғайына қарай жұмыс жасауы керек. Мақсатым – елге қызмет ету. Менің негізгі мақсатым осы.

Айта кетерлігі, мен өзімнің сайлаушыларыммен кездесулерімде одан бөлек басқа да басқосуларда жастарға еңбекқор болуды ұсынып отырамын. Бейнеттен қашқан адамның болашағы бұлыңғыр. Жасыратын несі бар, бір кездерде артық қимылдағымыз келмей тұрады. Сөйтіп жүріп өзгенің сыртынан сын айтып жатамыз. «Еңбегің болмаса елге өкпелеме, ықтасының болмаса желге өкпелеме» деген емес пе дана халқымыз. Сол секілді кейбіріміз біреуді сынамас бұрын, өзін түзеуді түсінсе екен деймін.

Қалалық мәслихат депутаттары шаһарымыздағы өтіп жатқан түрлі шараларға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, облыс орталығы атанғанымызға үш жылдан асты. Осы айтулы оқиғаның бастауында жергілікті халық қалаулылары көптеген іс-шараларға қатысып, қала әкімдігімен бірлесіп, өздерінің қомақты үлестерін қосқанын айта кетуіміз қажет. Бұдан тыс депутаттар өз міндеттерін орындау барысында жеке қабылдауларды ұйымдастырып келеді.

Ғаппар Сәрсенбаев

Түркістан қалалық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары