Қазақ елі тәуелсіз мемлекетке айналғалына биыл 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздіккүні – ең қастерлі күн. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырды. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.
Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарымыз 30 жылдың ішінде біршама жетістіктерге жетті. Еліміздің бүкіл шаһарлары дамып, көрікті қалаларға айналып отыр. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзі әдебиет пен мәдениеттің қаласына айналды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты. Келешек ұрпақтын міндеті егемендігімізді, атадан қалған аманатымызды сақтап қалу. Жәнібек пен Керейдің көрген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп ел үшін қызмет ету әр ұрпақтың борышы. Қазақта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Бүгінде Қазақстан алпауыт мемлекеттердің қатарында, әлемдік-қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның басты елдерінің бірі.
М.БАЗАРБЕК,
Түркістан қаласы ТЖБ аға инженері а.қ. аға лейтенанты
