«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 8 жыл толды

798 көрілім

Бизнес үшін маңызды күнде Түркістан облыстық кәсіпкер палатасы Өңірлік кеңесінің тындырымды тірліктері мен алға қойған жоспарлары жайында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, ҚР мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов әңгімелеп берді.

– Биыл Ұлттық палатаға сегіз жыл толуда. Күнгейлік кәсіпкерлер атынан «Атамекен» ұжымына тілегіңіз?

8 жыл бір күн сияқты өте шықты. Ұлттық палата басшылығының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары ұжымдарының ауқымды жұмысының арқасында әрбір аудан мен қалада Палатаның өкілдіктері бар. «Атамекенді» әрбір ауылда біледі десем артық айтқаным емес. «Атамекеннің» табанды саясаты мен жемісті қызметі қоғам мен мемлекеттің кәсіпкерлікке, жалпы кәсіпкерге деген көзқарасын өзгертті. Себебі, қазіргі кәсіпкер бұрынғыдан өзгерек. Қазақстандық кәсіпкер – мемлекеттің тірегі және асыраушысы. Әрбір кәсіпкер жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту және экономикада индустрияны қалыптастыру арқылы елімізді дамытуға өзінің сүбелі үлесін қосып келеді.

8 жыл ішінде Палата мыңдаған кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, өршіл кәсіпкерлерге көмегін берді, өз ісімді бастаймын деген халыққа  жаңа мүмкіндіктер ашты. Осының бәрін нағыз кәсіпқойлар – атамекендіктер жүргізіп келеді! Мен ҰКП-ның бір бөлшегі екеніме, кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесімді қоса алатыныма мақтан тұтамын.

Бүгінде Түркістан облысының экономикалық даму стратегиясы, өңірдің инвестициялық саясатының тұрақтануы және оның индустриялық-инновациялық белдеуінің болашақ көрінісі мұның барлығы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен жүзеге асуда. Ал Өңірлік кеңес бизнестің түйіткілді мәселелерін шеше алатын күшке айналуда.

Өңірлік кеңестің барлық мүшелерінің атынан Ұлттық палатаға бизнес құқықтарын қорғау саласында жаңа жетістіктер, ШОБ үшін жаңа қызықты жобалар, отандық өндірушілерді қолдаудың және ілгерілетудің жаңа құралдарын тілегім келеді.

Қайнар Бегалыұлы, өзіңіз біраз жыл Өңірлік кеңесте төрағалық етіп келесіз. Жалпы, Өңірлік кеңестің жұмысына қандай баға бересіз?

–Өңірлік кеңес кәсіби қасиеттердің арқасында көптеген жүйелік мәселелерді түрлі алаңдарда көтеріп, шешіп келеді. Биыл Өңірлік кеңестің жаңа құрамы сайланды. Кәсіпкерлер сайлау арқылы онлайн дауыс беріп, әр мүшесін өздері таңдады. Бұл сайлаушылар алдында үлкен жауапкершілік. Бүгінде облысымыздың 35 беделді кәсіпкері кеңес құрамына енді. Бүгінде Кеңестің 10 отырысын өткіздік. Оның ішінде бірнеше рет облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен галстуксіз, бейресми кездесулер ұйымдастырылды. Әкім тарапынан кәсіпкерлердің мәселелері мен жобалары қолдау тауып келеді. Сонымен қатар, әкімдік пен Өңірлік кеңес мүшелері тарапынан бастауыш кәсіпкерлерімізді қолдау бойынша жобалар жүзеге асуда. Атап айтсам, «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы сәтті жүзеге асуда. Бірегей жобаның 2 маусымы өтті. Өңірлік кеңес мүшелерінен құрылған менторлар жас кәсіпкерлерімізге өз көмектерін көрсетуде. Алда 3 маусым жоспарланып отыр.

 Өңір билігі мен іскер топтары арасында нақты және ойластырылған диалог орнатылды. Әрбір ауданда ауылдық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында аймақтық кеңестер мен іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Бүгінде өңірлік палата іскерлік ортада жауапты және сенімді серіктес ретінде қалыптасты.

Ағымдағы жылы Өңірлік кеңес қандай мәселелерді қарастырды және олар бойынша оң шешім бар ма?

Өңіріміз аграрлы аймақ екендігі барлығына белгілі. Әрине, туындайтын мәселелердің көбісі осы салада.

Яғни, жыл сайын республикалық бюджеттен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді одан әрі қаржыландыру үшін “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ арқылы “Кең дала” бағдарламасына 70 млрд.теңге бөлінетіні белгілі. Қаражатты фермерлер де, қайта өңдеушілер де ала алады. Алайда, есеп комитетінің нұсқамасы негізінде “ҚазАгро” Холдингі ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізіп, олар қайта өңдеушілерді қаржыландыруды алып тастаған болатын.

Бұл мәселені “Атамекен” ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бизнес-қоғамдастықпен онлайн-кездесуінде көтерген болатынбыз.

Нәтижесінде, ҰКП орталық деңгейде басқарма төрағасы А.И.Мырзахметовтың басшылығымен осы мәселе бойынша Есеп комитетімен және ҚР Үкіметімен бірқатар кеңестер өткізіліп, аталған қолдауды қайта өңдеушілерге және тиісінше мақта өсіретін ұсақ фермерлерге сақтау туралы шешім қабылданды.

Бүгінде мәселе оңды шешіліп, Түркістан облысында биылғы жылы жалпы сомасы 5,7 млрд теңге болатын жеңілдетілген несиені 1 438 ауыл шаруашылығы өндірушісі қол жеткізді.

Әр сала бойынша өзекті сұрақтарды анақытау үшін, Кеңес жанынан 6 жұмыс комитеттері құрылды.

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі жанындағы Білім беру және медицина салаларын дамыту комитетінің кезекті, кеңейтілген отырысы менің қатысуыммен өткен болатын.

Кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына нормативке сай төлем жүргізуге қаржының жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Бұл өзекті мәселе балабақша саласындағы кәсіпкерлеріміз жыл сайын көтеріп келеді.

Себебі жан басына шаққандағы қаржыландырудың төленетін сомасы облыста Республика бойынша белгіленген нормативтен әлдеқайда аз.

Яғни 2020 жылы облыста тиісті сома 31 010 теңгеден болса, балабақшаларға орташа есеппен 20 988 теңге төленген.

Тіпті бұл соманың  кей аудандарда тек 9 айы ғана төленсе, кей аудандарда мүлдем төленбеген.

2020 жылы Палата тарапынан түрлі алаңдарда көтеріп, нәтижесінде берешек өтелген болатын.

Ағымдағы жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі бойынша бір балабақша баласына: қала бойынша -37 527тг,  ауылдық жерлерде -41 053 тгден төленуі тиіс.

Алайда бюджетте қаражат жеткіліксіз болғандықтан, жан басына шаққанда қаржыландыру нормативке сай толық көлемде төлем жүргізу проблемасы тағы да туындауда.

Бұл мәселелер балаларымыздың тәрбиесі мен білімінің сапасына де әсер ететіні анық. Адами капиталды дамыту басқармасының мәліметінше қаражаттың жетіспеушілігі 5500 бүлдіршіннің балабақша кезегінде тұруына мәжбүр етуде. Бұл мүлдем ақылға сыймайтын жағдай.

Бүгінде ҚР Мәжіліс депутаттары атынан тиісті министрліктерге ұсыныстармен шығып, Республикалық бюджетке өзгелтулер енгізу бағытында жұмыстар жасаланып жатыр.

Пандемия салдарынан еңсесін тіктеп келе жатқан кәсіпкерлеріміздің бүгінгі жәй күйі қандай?

Карантин салдары кәсіпкерліктің қай саласынна болсын өз әсерін тигізгені анық. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында әр тоқсан сайын жүргізген сауалнама нәтижесінде орта есеппен бизнес 30-40% табысынан айырылып, талай қызметкерлер жұмыссыз да қалған болатын.

Облыстық палата кәсіпкерлеріміздің қызметіне рұқсат беру бойынша Бас санитарлық дәрігерге, тиісті мекемелерге дер кезінде шығып, рұқсат алу бойынша жұмыстарын тоқтатпады. Жалға беру ақысынан босату, электр энериясы тарифін арзандату, салықтан босату, айта берсек, тындырымды тірліктер көп. Бүгінде «Ashyq» жобасы арқылы жұмысы тұралап қалған бизнес нысандарының жұмыстары жандануда.

Әңгімеңізге рақмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы