100-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫҒА КИІМ-КЕШЕК СЫЙЛАДЫ

752 көрілім

Түркістандық кәсіпкер Базарбай Мұсабеков рухани шаһардағы 32 мектептің 100-ден астам оқушысына мектеп формасымен қатар спорттық және қысқы киімдер тарту етті. Сабыр Рахимов атындағы орта мектепте өткен қайырымдылық шарасына әрбір мектептің социолог мамандарының ұсынысымен тұрмысы төмен, жалғызілікті, көп балалы отбасылардың балалары арнайы шақыртылды.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлердің мектеп оқушыларын қолдауы жылма-жыл жалғасын тауып келеді. Мемлекет тарапынан оқушыларға барынша қолдау болғанымен кәсіпкерлер тарапынан да қолдауы да қажет-ақ. Мен де түркістандық азамат ретінде өз отбасыммен бүгінгі «Мейірім» акциясына қатысуды жөн көрдім. Біз үшін бұл жылдағы дәстүрге айналған. Бала біздің болашағымыз. Олардың оқуға құштарлығын оятуды азаматтық парызымыз деп есептейміз», – деді Базарбай Мұсабеков.

Кәсіпкердің қолынан сыйлық алған оқушының бірі Ғани Мұратбаев атындағы мектептің 4-сынып оқушысы Нұрбике Полатбек. Оның анасы Айгүл Төкебаева төрт баламен үйде отырған жан. Жаңа оқу жылына қарсы жасалған игі іске дән риза. Ол қала басшылығы мен кәсіпкерге алғысын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы