300 БАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫС ЕТІЛЕДІ

563 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің қатысуымен Республикалық «Мейірім» акциясының алғашқы іс шарасы қалалық әкімшілік алдындағы алаңшада ұйымдастырылды. Акцияның тұсауын кескен қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерді және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Одан кейін сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Қоғамдық келісім комиссиясының төрағасы Әбдіқадыр Әбдіхан, қалалық «Ата-аналар мен педагогтар комитеті» ҚБ төрайымы Дана Орманова, қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева жас бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Осындай республикалық «Мейірім» акциясына белсенділікпен қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыстарын жеткізді. Акция барысында қала әкімі мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтын он оқушыға оқу құралдарын табыс етті.

«Білім бақтың жібермейтін қазығы. Білімсіз бақ әлдекімнің азығы» деп кемеңгер ойшыл Мұхтар Әуезов айтқандай Қазақстан Республикасының әрбір оқушысы терең білім алып, көп тілді меңгеріп, өз елінің өркендеуіне сүбелі үлес қосуына құқылы. Әлемді жайлаған індет соңғы уақытта оқушыларымыздың толық негізде білім алуына кедергі келтірген болатын. Десек те, биылғы жылы оқушыларымыз онлайн емес оффлайн, яғни, дәстүрлі білім алып мектепке баруына барлық жағдай жасалуда.

Шара қорытындысын жасаған Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының уақытша міндетін атқарушы Мұрат Ізтілеуов республикалық «Мейірім» акциясы жалғасын тауып, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және еріктілердің қолдауымен таяу арада Түркістан қаласында биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтын тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 300 оқушыға осындай оқу құралдарын үйлеріне жеткізіліп берілетіндігін мәлімдеді.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы