САЛТ-ДӘСТҮР САН ҒАСЫРЛЫҚ САФ МҰРА

1  314 көрілім

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыптал-ған озық салт-дәстүрін жас ұрпаққа жол көрсетуде, тәрбиелеуде пайдаға асырып келген. Биыл «2021 жыл – ұлттық тари-хымызды ұлықтау және бүгінгі биік-терімізді бағалаудың мерейлі белестер жылы» деп белгіленгеннен бері, рухани мұра болар дүниелерді кеңінен насихаттау науқаны басталып кетті. Соның айқын бір мысалы, Түркістан қалалық орталық кітапханасында өткен «Салт-дәстүр сан ғасырлық саф мұра» атты іс-шара. Аталмыш, библиокафе кітапхана жанынан ашылған «Замандас» клубы мен Түркістан қалалық орталық кітапхана меңгерушісі Мариям Мамирова және абонемент бөлімінің кітапханашысы Ақханым Саурабаеваның тікелей ұйымдастыруымен өтті. Өскелең ұрпаққа көнеден мұра болып келе жатқан, бүгінде ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді насихаттауды ниет еткен жиында ақ жаулықты әжелер мен оқырмандар қатысып, ой бөлісті.

Библиокафеге «Замандас» клубының мүшелері Ырыс Ташметова, Аманкул Абдуллаева, Айткүл Ташметова, Айзада Ашимова, Аманкүл Ташметова, Қарлы-ғаш Сейтжапарова, Жұмакүл Утебаева мен Үміт Алмағанбетова қатысып, мақал-мəтел, тыйым сөздері – тəрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көріп, халқымыздың əдет- ғұрып пен дəстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеу керектігін айтып берді. Іс-шара барысында ақ жау-лықты әжелеріміз халық әндері «Дедімай – ау», «Ахау керім», «Еркем -ай» атты әндерді тамылжыта шырқаса, оқырмандар «Салты мықтының – халқы мықты» атты кітап көрмесімен танысып үлгерді.

Қазақ халқының тұжырымды ойы, мақал-мәтел, тыйым сөздері тұнған тәрбиенің мол мұрасы. Оның күнделікті өмірдегі көрінісі жайлы үлгі көрсетер жиын соңында әжелер жастарға ақ тілектерін жаудырып, қорытындылады. «Түркістан-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы