Гауһар ана кесенесі Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Ел арасындағы әңгімелер мен тарихи деректерге сүйенсек Қожа Ахмет Ясауидің бір ұл, бір қызы болған. Ұлының ата – Ибраһим, қызының ата – Гауһар. Гауһар ана – Әлқожа атаның жұбайы. Кесене тұрған 8 гектар аймақта жеміс ағаштары мен талдар өсіп, бау-бақшалы алқапқа айналған. Басында құдығы бар. Маңындаға бір шақырымдай жерде ыстықтығы 35-37 градустық, тереңдігі 1200 метрден шығып жатқан жер асты ыстық суымен емдейтін сауықтыру профилакториясы орналасқан.
Гауһар ана кесенесі XII-XIV ғ.ғ.
2 238 көрілім
