Ысқақ баб (Баба ата) кесенесі ХІХ соңы

4  133 көрілім

Созақ ауданы, Баба ата ауылының солтүстік шетінде, мазарат ішінде орналасқан. Баба Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа кесене салынған. Жалпы көлемі – 21х13 метр. Төбесі екі күмбезді кірпіштен өріліп жабылған. Ішкі бөлмелері гипспен сыланып, қабырғасы михрабпен безендірілген. Ел, Ұлы ғұламалығын қадірлеп, дін қақпасы атандырған – Ысқақ Баб, әулиелердің сұлтаны атанған Құл Қожа Ахмет Ясауидің сегізінші бабасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы