ОБЛЫС ШАХМАТШЫЛАРЫ БИІК ТҰҒЫРДА

1  028 көрілім

Шымкент қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен ел біріншілігінде шахматтың классика, рапид және блиц түрлерінен жеңімпаздар анықталды.

Чемпионатқа 8-18 жас аралығындағы республикамыздың барлық аймағынан жас шахматшылар қатысты. Шымқалада алғаш рет ұйымдастырылған ел біріншілігінің мақсаты – «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру болатын. Он күн бойы тартысқа толы өткен ұлттық біріншілік Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, аса жауапкершілікпен жүзеге асырылды.

Аталмыш біріншілікте жас ерекшеліктеріне қарай Түркістан облысының намысын ойдағыдай қорғаған Сейдулла Әселай (блиц) І орынды иеленсе, тағы да Сейдулла Әселай (рапид) ІІ орынды місе тұтты, ал Асылхан Әсия (рапид) ІІІ орындарға табан тіреді. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен жасөспірімдер енді еліміздің намысын әлем және Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы