МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

867 көрілім

Биыл медиация заңының қабылданғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай, кешегі бейсенбі күні қалалық соттың мәжіліс залында қалалық «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігі мен қалалық соттың бірлесе ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Медиация заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Медиацияның негізгі мақсаты – сотқа дейінгі азаматтар арасында туындайтын дауларды екі жаққа тиімді етіп шешу болып табылады.
Медиация қылмыстық, азаматтық, отбасылық саланы, жалпы барлық құқықтық салаларды қамтиды. Бұл заңның қабылдану мақсатының өзі қоғамда туындайтын көптеген мәселелердің шешімін тек сот арқылы емес, медиаторлардың көмегімен бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Сотқа жүктелген салмақты азайту үшін медиацияны қолданған. Бұның тиімділігі халық арасында өз орнын тауып келеді.
Жиында қалалық соттың төрағасы А.Жаңбырбаева, судьялар С.Әбсеметов, А.Тілегенов, А.Бекботаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы С.Сәдуақас, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Бейсембаев медиация заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, заң аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шара соңында медиация саласында жемісті қызмет атқарып жатқан бірнеше азаматтар Түркістан облыстық сотының, қалалық соттың, қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың алғыс хаттарымен және қоғамдық бірлестіктің естелік медалімен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы