Қазіргі таңда Түркістанның жаңа келбеті қалыптасты. Құрылыс қарқыны күн санап артып, әлеуметтік нысандар бой түзеп келеді. Жаңа аллеялар салынып, пайдалануға берілуде. Қаламыздың осындай көз ілеспес жылдамдыққа дамып, түрленіп жатқанына түркістандықтардың алғысы шексіз. Ендеше, қаламыз гүлдей жайнап, келешекте туризмнің орталығына айналар күн алыс емес.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді коронавирус індеті жайпап бара жатқаны белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияны өте ауыр індет екендігін жария еткен болатын. Иә, халық біріге отырып, бұл уақытша қиындықты да жеңетіне сенеді. Сонымен қатар, негізгі шаралардың бірі ретінде карантин кезінде санитарлық талаптарды орындауымыз қажет. Халық көп жиналатын ірі сауда, ойын-сауық орындарының қызметі, той-думандар және басқа да көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралар тоқтатылды. Сауда дүкендерінің жұмыс кешеніне де шектеулер қойылып, бақылауға алынуда. Облыс, қала тұрғындарына аса қажеттілік болмаса, тек азық-түлік пен дәрі-дәрмекке баруға, көшеге шығудан бас тартуды, үйде отыруды міндеттеді. Мұның барлығы – халықтың денсаулығы мен өмірі үшін жасалып отырған маңызды шаралар деп түсінуіміз керек.
Әрбір отбасы өздерінің қауіпсіздігі үшін енгізілген шектеулерге үлкен жауапкершілікпен қарап, өзіне де, жұртқа да қауіп қатер төндірмеуі керек деп ойлаймын. «Тәртіпке бағынған елдің ырысы мол болады» – дейді дана халқымыз. Қатерлі індеттің жаппай алдын алудың басты мақсаты вакцина екенін жұрт бүгінде мойындап отыр. Сондықтан, барша түркістандық жерлестерімді екпе егуге асығуға шақырамын. Бұл әлемді шарпыған індетті тек қана вакцинация арқылы ауыздықтай алатын боламыз. Ендеше, сақтық саулықта екенін ұмытпауымыз керек.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.