ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАНДАР МАЗА БЕРМЕУДЕ

435 көрілім

«Айтпаса сөз атасы өледі» деген қазақта аталы сөз бар. Біз естігенді емес, көргенімізді жазып отырмыз. Кешегі аптада газетімізге «Жеңіс» орталық саябақтағы жүгенсіз кеткен жастардың сорақылығын айтып, тәртіпке шақыра алмай жатқанымыз аз болғандай ендігі кезекте ғимарат маңайын қаңғыбас маскүнемдер торлап, маңайды ластап, мазамызды қашырып жүр.  Өздеріңізге мәлім осы орталық саябақта білдей қалалық «Nur otan» партиясы мен «Түркістан» газетінің редакциясы бір ғимарат ішінде орналасқан. Төңіректі мекен етіп алған бірнеше маскүнемдер ғимараттың жанынан алаша жайып, саяжайда жатқандай еркінсіп жүр.  Жәй жүрген жоқ. Саунада жүргендей, түбегейлі шешініп, жекеменшік етіп алғанын қайтерсің. Бұл жағдайға біздер бей-жай қарай алмай бір емес бірнеше рет полицияға қоңырау шалып, маңайды тазалағандай болып едік.

Алайда, бұл маскүнемдердің санында шек жоқ. Бірі кетсе, екінші қайта айналып келуде. Бұған шара қолданбасақ болмайды. Қашанғы біз бұлармен алыса бермекпіз. «Айта-айта алтайды, жамал апай қартайды» дегендей, бізге тиісті құзырлы орындардың дер кезінде шешім шығарып, тәртіпке келтіргенін қалаймыз. Себебі, ғимаратта қаншама қыз-келіншектер сол маскүнемдерден сескеніп, сыртқа шыға алмай жүр.  Біздегі меже олардан өз қауіпсіздігімізді қорғау. Сондай-ақ, басымыздың амандығы мен ғимаратымыздың тыныштығы және тазалығы. Саябақ бүгінде саябақ емес, «Қаңғыбастар» деген мекенге айналды. Біздер үшін бұл үлкен сын. Атына заты сай болмай тұрған саябаққа кімдер жауапты? Әлде тиісті орындардың салғырттығы ма?!

Б.РАХМАНБЕРДІҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы