ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

430 көрілім

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып Төлегенов Талғат Байжанұлы тағайындалды.

Талғат Байжанұлы 1986 жылдың 23 қарашасында Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2008 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2010 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша қаржы және құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 2009 жылдың ақпанында Шымкент қаласының Қаржы бөлімі, коммуналдық меншік секторының бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2009 жылдың маусымынан бастап ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жиынтық сараптама және ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың наурызынан бастап аталған басқарманың түсімдерді болжау бас маманы, 2011 жылдың шілде айынан бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы және осы жылдың қарашасынан 2013 жылдың қарашасына дейін инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, 2013-2018 жылдар аралығында нақты сектордың даму бөлімі мен инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы лауазымында болды. Ал, 2018 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2019 жылдың маусымында Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылдың наурыз айынан Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары және 2021 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков апталық мәжіліс кезінде Талғат Төлегеновтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жауапкершілікпен атқаруына тілектестігін білдірді. Алда, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі, экономи-ка және қаржы бөлімі, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бөліміне жетекшілік ететін болады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы