Құрметті, Ләззат Қаныбекқызы!
Сізді 55 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ыстық ықыласты лебізімізді білдіреміз! Ләззат Қаныбекқызы 1966 жылы 11 шiлде күнi Қызылқұм ауданы (қазiргi Отырар ауданы), Темiр станциясында дүниеге келген. 1973 жылы «Октябрьдiң 50 жылдығы» атындағы орта мектептiң табалдырығын аттап, 1983 жылы үздік аттестатпен бiтiрдi. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтына түсiп, 1988 жылы аталған институттың толық курсын кiтапханатану және библиография мамандығы бойынша бiтiрiп шықты.
Алғашқы еңбек жолын Отырар ауданы, Шәуiлдiр орталық кiтапханасында кiтапханашы-библиограф мамандығы қызметiнен бастады. 1998 жылдың 19 қазан күнi «Түркiстан» газетiнде хатшы-машинистка қызметiн, ал 2000 жылдың қаңтар айынан бастап 2002 жылға дейiн тiлшi қызметiн атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында хаттар бөлiмiнiң меңгерушiсi, 2004-2014 жылдар аралы-ғында әлеуметтiк сала және руханият бөлiмiнiң меңгерушiсi, 2015-2016 жыл-дар аралығында саясат және руханият бөлімінің меңгерушісі, 2016-2017 жылдар аралығында жауапты хатшы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Ал, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап директор-редактордың орынбасары қызметін атқаруда. Отбасында Берiк, Бағлан есiмдi ұлдары, Поэзия есiмдi қызы, Арайлым, Ақжарқын есімді келіндері бар. Әкесі, ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың есімін иеленген немересі гүлдей жайнап өсіп келеді. Ләззат Қаныбекқызы Сарыбаева «Түркiстан» газетiнiң редакциясында 1998 жылдан берi еңбек етедi. Жоғары бiлiмдi, тәжiрибесi толысқан журналист. ҚР Журналистер Одағының мүшесi.
Былтыр ғана 90 жылдығын атап өткен қасиетті мекеннің қарашаңырақ басылымы – «Түркістан» газетінде мінсіз ширек ғасырдан аса абыроймен қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, қалалық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде қаладағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, бүгінгі жастардың проблемаларын алға тартып, оларды патриоттық, еңбексүйгіштік рухта тәрбиелеуге өзіндік үлесін қосып келеді.
Бізге қашанда күн шуағындай ып-ыстық мейірімге толы қадірлі әріптес әрі әпкеміз ретінде өміріңіз өнегелі де мән-мағыналы болып өріле бергей. Алдағы уақытта оқырмандарыңызды тың жаңалықтарыңызбен қуантып, еңбек еткен жылдарыңыз ішінде жергілікті басылымның өркендеуіне, дамуына сүбелі үлес қосқаныңыз үшін шынайы алғыс сезімімізді білдіреміз.
Осынау мерейлі де мерекелі күнде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз. Еңбегіңізде құрметке бөленіп, еліміздің абыройының асқақтауына үлес қоса беруіңізге тілектеспіз. Әрқашан қызметтің биік тұғырынан көрініп, абыройыңыз үстем бола берсін!
Ізгі тілекпен:
«Түркістан», «Туркистон» газеттерінің ұжымы.