- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Шаһардың шығыс бөлігінен орын тепкен «Жібек жолы» саябағының ашылу рәсімі болып өтті. Шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қаланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қатысып, саябақты аралады. Саябақтың ашылу рәсімінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов жиынға қатысқан барша түркістандықтар мен қонақтарды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
«Жібек жолы» саябағы өткен жылы қолданысқа беру жоспарланған. Алайда, пандемиялық ахуалдан қолданысқа беру кейінге шегерілген болатын. 30 гектар аумақты алып жатқан саябақта аттракциондар, жасанды көлдері мен жанға жайлы көрікті орындармен жабдықталған. «Әлем шатыры» деп аталатын биіктен саябақты тамашалап, төңіректің төрт бұрышынан көз жеткізуге болады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды. 12,5 гектары балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары, 5 гектары аллеяға бөлінсе, қалған 12,5 гектары серуендеу аймағы болып табылады.
Саябақта жердің 25 пайызы жаяу жүргіншілер жолына арналған. Сонымен қатар, дене шынықтыру үшін теннис үстелі, футбол, баскетбол алаңдары, веложолдар салынған. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын арнаулы орын бар. Мұндағы негізгі ерекшеліктің тағы бірі Түркістан табиғатында сирек кездесетін түрлі ағаштар отырғызылып, гүлдермен көмкерілген.
Сонымен қатар, бұл іс – шарадан соң қазыналы қарттарымызға шаһар басшысы мен мәслихат хатшысы қаламыздың көрікті жерлерін аралата отырып, көңілдерін көтеріп, ыстық ықыластарына бөленді.