ҒАСЫРДЫҢ ҒАЛАМАТ АҚЫНЫ – 79 ЖАСТА

572 көрілім

2 шілде қазақ поэзиясында асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленетін Мұхтар Шахановтың туған күніне орай, қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби кеш өтті.

Ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ақын биыл 79 жасқа толып отыр.

Таза ақындық пайым парасат пен ұлттық санаға терең тамыр жіберген, жалғандыққа жаны қас шыншыл ақынға арналған әдеби кеште «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсенбаев, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Алима Хайдарова қонақта болды.

Жиында қалалық мәдениет үйінің әншілері мен мектеп мұғалімдері ақынның сөзіне жазылған, халық арасында кеңінен айтылып жүрген әндерін шырқаса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары мен студенттері, оқушылар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның отты жырларын жатқа оқыды. Сонымен қатар, ақынның өмір жолы мен ел үшін атқарған қызметтері, өлеңдерінің тарихы туралы біраз ақпараттар айтылды.

Мөлдір ХАЛИЛАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы